Биография серика шапиева на казахском языке?

Другие предметы | 1 - 4 классы

Биография серика шапиева на казахском языке.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Dashamaral 17 февр. 2018 г., 09:49:27

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев(16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы, Қарағанды облысы) - боксшы, олимпиадачемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденініңкавалері (2008 жыл), Отан орденініңиегері (2012)спорт бойыншаЮНЕСКОчемпионы атанған әлемдегі 13 - ші спортшы, қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі, 2014 жылдың қарашасынан бастап Astana Arlans командасының бас директоры.

Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Баркер кубогыныңиегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері, БейжіңжәнеЛондон Олимпиадасындабокстан құрама команданың капитаны.

Балалық шағы

Александр Стрельников және Серік Сәпиев

Болашақ әлем чемпионы бокспен 11 жасынан айналысып келеді.

Өзі туып - өскенҚарағандыныңіргесіндегі Абай қаласында олАлександр Стрельниковтыңтәрбиесін көрді.

Жас талапкер білікті бапкерге бірден ұнады.

Өйткені боксқа деген бейімділік оның қанында бар.

Серіктің немере ағасы Бақтай да кезінде еліміздің қабырғалы боксшыларының бірі болған.

Көзі қарақты көрермендер жетпісінші жылдары шаршы алаңда атой салған ол азаматты әлі ұмыта қойған жоқ.

Бақтай Сәпиев кезінде жастар арасындаКСРОчемпионы, ересектер арасында КСРО чемпионатының екі дүркін жүлдегері, социалистік елдер арасында өтетін «Достық» ойындарының жеңімпазы атанды.

1972 - 1976 жылдар аралығында Одақ құрамасының сапында болып, тоғыз бірдей халықаралық турнирде топ жарды.

– Серік менің алдыма келгенде 11 жаста еді.

Өзі нәзіктеу, тұйық болатын.

Бірақ көзіне қарап - ақ тегін бала еместігін аңғардым.

Жанарында бір ұшқын бар.

Уақыт оза байқасам, өнері аздап ағасына келіңкірейді.

Бақтай да техникалық арсеналы өте бай, жылдам боксшы болатын.

Сондай қасиеттер Серіктің де бойынан табылды.

Сол кезде мен бұл жігіттің шабысы ширақ болатынын байқадым, – дейді бапкері Александр Стрельников.

Бір жылдай Стрельников бапкерден тәлім алған Серік әкесінің ақылымен Қарағандыдағы Ә.

Молдағұлова атындағы дарынды балаларға арналған спорт интернатында, білікті бапкер Сайын Аратаевтың қол астында үш жыл өткізеді.

Интернатта үш жыл өткізген кейін Абай қаласына, алғашқы бапкері Александр Стрельниковке қайтып келеди

Алғашқы жеңістер

2004 жылы қарағандылық боксшы әскерилер арасында әлем чемпионы атанып, өзінің алғашқы ірі жеңісіне қол жеткізді.

Сол маусымда ол 60 келі салмақ дәрежесі бойыншаҚазақстанчемпионы атанды.

Осы табыстар талантты боксшыны қанаттандырып жіберсе керек, енді ол қарсыластарын қуып жүріп сабайтындай деңгейге жетті.

2005 жылы Серік Сәпиевтің жұлдызы жарқырай жанды.

Ол 64 келі салмаққа ауысып, ҚытайдыңМиньян қаласында өткен әлем чемпионатында ел намысын қорғады.

СерікАлматыдаөткен оқу - жаттығу жиынында сол қолынан жарақат алған болатын.

Бірақ бұл жарақаты жайында бапкерінен басқа ешкімге тіс жарған жоқ.

Өйткені бақталастары немесе дәрігерлер біліп қойса, жарысқа қатыспай қойдыруы да мүмкін ғой.

Сол жылы Сәпиев әлем кубогы бәсекесінде де теңдессіз өнерімен тамсандырды.

Мәс­кеуде өткен додада Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орын алғанымен, Серік бірде - бір жекпе - жегінде жеңілістің дәмін татқан жоқ.

Бірінші кездесуінде ол 10 секундтың ішінде Африка боксшысын нокаутқа түсірсе, жартылай финалда кубалық Йорданис Эрнандесті 46 : 35 есебімен еңсерді.

Міне, содан бергі екі жылдан астам уақыт аралығында Серік ресми жарыстарда тек жеңіске жетуде.

Анюточка9009 13 февр. 2018 г., 09:27:53 | 10 - 11 классы

Биография Ади Шарипова на казахском?

Биография Ади Шарипова на казахском.

Irina8213 6 янв. 2018 г., 00:23:50 | 1 - 4 классы

Пословица на казахском языке про талант?

Пословица на казахском языке про талант.

Crossfire089 20 мар. 2018 г., 05:59:50 | 1 - 4 классы

Напиши 6 предложений на тему спорт на казахском языке?

Напиши 6 предложений на тему спорт на казахском языке.

Только на Казахском!

Bakasova0104 23 июл. 2018 г., 13:57:12 | 1 - 4 классы

Три загадки на казахском языке о снеговике?

Три загадки на казахском языке о снеговике.

Evgeniihgrrf 4 дек. 2018 г., 21:16:49 | 1 - 4 классы

Стиз о бабушке на казахском языке?

Стиз о бабушке на казахском языке.

Renreniccom 15 мар. 2018 г., 11:05:01 | 1 - 4 классы

Склонение ягод на казахском языке?

Склонение ягод на казахском языке.

Ledy2000 12 февр. 2018 г., 18:45:42 | 1 - 4 классы

Пословица для родины казахский язык?

Пословица для родины казахский язык.

Inor1 27 нояб. 2018 г., 23:11:53 | 1 - 4 классы

Ежедневно перевести на казахский язык?

Ежедневно перевести на казахский язык.

Desury 16 мая 2018 г., 23:31:49 | 1 - 4 классы

Рассказ про черепаху на казахском языке?

Рассказ про черепаху на казахском языке.

Nikeaddidas90 5 апр. 2018 г., 22:45:10 | 5 - 9 классы

Четверостишье на казахском языке?

Четверостишье на казахском языке.

Вы находитесь на странице вопроса Биография серика шапиева на казахском языке? из категории Другие предметы. Уровень сложности вопроса рассчитан на учащихся 1 - 4 классов. На странице можно узнать правильный ответ, сверить его со своим вариантом и обсудить возможные версии с другими пользователями сайта посредством обратной связи. Если ответ вызывает сомнения или покажется вам неполным, для проверки найдите ответы на аналогичные вопросы по теме в этой же категории, или создайте новый вопрос, используя ключевые слова: введите вопрос в поисковую строку, нажав кнопку в верхней части страницы.