Сочинение на тему , , Менің атым Қожа "Напишите пожалуйстаДам 50 баллов?

Другие предметы | 1 - 4 классы

Сочинение на тему , , Менің атым Қожа "

Напишите пожалуйста

Дам 50 баллов.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Deniplay 28 янв. 2022 г., 05:59:56

''Менің атым… Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады.

» деп басталатын Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бала көз қарасымен бейнеленетін шынайы өмірдің боямасыз суреттері арқылы оқырмандарының жүрегіне жол тапқан ерекше шығарма.

Түн жарымына дейін шам жарығымен балғын бала махаббаты Жанарға «кеудесі толы сезімін сүйкектетіп», Абай атасына еліктеп, шабытын шақыра, ғашықтық ғазалдарын жазып, жыр арнамаушы ма еді!

Сол шақтағы ақылды тентек, озат оқушы, «жазушы боламын» деген арманшыл аңғал Қожаның образы езу тартқызып, қалай да сүйсіндірмей қоймайды, әрі сол бейнені бүгінгі балалар бойынан іздеп таба алмай еріксіз бас шайқайсың.

Себебі, ол Қожа табиғатты сүйетін, шынайы поэзияны сүйетін.

«Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт тілі болуы.

Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді.

Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады» дейді Мағжан атам.

Ендеше, қазіргі Қожаның сөз саптасынан, жүріс тұрысынан сары атырапта үдере көшкен қаймана қазақтың паң, сабырлы мінезін тани аламыз ба?

Кешегінің Қожасы мен бүгінгінің Қожасының айырма, алшақтығы неде деп ойлайсыз?

Бүгінгі Қожаларды тәрбиелеудің басты құралы теледидар мен интернет екені белгілі.

Қазақстандық әлеуметтік зерттеушілер «Балалар күніне орта есеппен алғанда өлімге қатысты 17 және қатыгездікке қатысты 37 көрініс көреді» дейді.

Осылайша күнұзақ теледидарға телмірген бала ұлттық тәрбиенің уызына қайдан жарысын!

Отандық телеэкранда жиі көрсетілетін «Алдараспан», «Зіл - Әзіл», «Наша Казаша» тәрізді әзіл - оспақ оспадар театрлар жас буын өкілдерін арзан күлкі мен бос сөзге үйірсек қылып, арман айдынынан алыстатып, талтаңдаған бос жүріске үйретеді.

Ал бос қылжақтықтың түбі құлықсыздыққа, ықылассыздыққа, өмірдің мәніне ден қоймаушылыққа әкеп соқтырады.

Содан да болар, мектеп жасындағы балалардың күнделікті сөз қолданыстарынан «басыңды қадаймын», «атсың», «лох», «базар жоқ», «копец», «прикинь», «братан» сынды сөздерді жиі еститініміз өтірік емес.

Мектеп жасындағы балалар деппін - ау студент жастардың дені осындай сөйлеу стилін қолданатыны шындық.

Осы жерде Қара Қожамызға қайта оралмасқа амалың қалмайды : … Жайлаудан қайтып келе жатып, «жұпар аңқыған кең жазықтың төсінде» қиял құсын қияға сермеп : «Абай мен Қасымды қаншы оқысам да менің сусыным қанбайды.

Қайталап оқи бергім келеді, оқи бергім келеді… Мен Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлерін тыңдағағанда өзімді өзім ұмытып кетемін.

Махамбет жырының әр сөзінің астарынан дүрсілдеген ат дүбірін, қарш - құрш сілтескен найза, қылыш үндерін естігендей болам.

О, қасиетіңнен айналайын қазақ жері.

» деп емірене толғанбаушы ма еді!

Ендеше, әжесінің талай «тоқмашын» жеп өскен сол Қожа мен бүгінгінің Қожасының арасындағы айырмашылық та осы арадан анық байқалады.

Бесікте жатып анасының әлдиіне әлпештеліп өспегені, қара кемпір мен қара шалдың өнегесі мен ертегісін тыңдамай, ұлттық нақыштан ада, Кеңестік тәрбиенің негізінен бастау алған балабақшада тәрбиеленуі санасында қазақ деген ұғымы жоқ бүгінгі балалардың дүбара болып, тілінің жұтаңдануына әкеліп соғып, сол Қожалардың айқындалған алшақтықтарының басты салдары болып отыр емес пе.

Осындай ұлттық тәрбиенің негізінен ажырап қалған, сөзі жоғалған балалар кешегі «Қайран да менің Еділім» деп еңірегенде етегі жасқа толған қарға бойлы Қазтуғанды, «Күмбір, күмбір кіснетіп» көмейінен жыр ақтарған Ақтамбердіні, Ұлт ұраншысы болған Бұқарды, Абайды, бір мақсат бір мұратта бірігіп, жұмылған жұдырықтай болған Алаш арыстарын түсіне қоюы, оқуы, әй, неғайбыл дүние - ау…Бүгінгі тілдің бұл бейнесі қазіргі қазақтың жан дүниесінің айнасы болар, бәлкім.

«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп пе еді!

Қорқам, келешектен қорқам…Туған даласын сүйген, ертеңгі болашағын аңсайтын, арманына.

Armineisraelya2 18 янв. 2022 г., 13:32:29 | 5 - 9 классы

Напишите мини сочинение на тему что такое технология?

Напишите мини сочинение на тему что такое технология.

Пожалуйста !

Tomiris655 6 апр. 2022 г., 11:31:42 | 5 - 9 классы

Сочинение на 35 баллов?

Сочинение на 35 баллов.

Помогите пожалуйста.

Сочинение на тему"Моя комната" на татарском языке!

Regina691 30 янв. 2022 г., 15:35:17 | 1 - 4 классы

Пожалуйста помогите дам 10 балл?

Пожалуйста помогите дам 10 балл.

МариЯБерестовскаЯ 12 янв. 2022 г., 03:31:58 | 5 - 9 классы

Напишите пожалуйста сочинение на тему "Минем яраткан артистым" СРОЧНО?

Напишите пожалуйста сочинение на тему "Минем яраткан артистым" СРОЧНО!

Tarantino2014 27 апр. 2022 г., 02:57:17 | 5 - 9 классы

Напишите пожалуйста сочинение на тему "Мои помощники на кухне" (приборы)?

Напишите пожалуйста сочинение на тему "Мои помощники на кухне" (приборы).

Tsar123321 24 мар. 2022 г., 06:41:03 | 5 - 9 классы

Пожалуйста напишите сочинение на тему хезмэт иясе хормэт иясе?

Пожалуйста напишите сочинение на тему хезмэт иясе хормэт иясе.

MaxONE2 7 мар. 2022 г., 15:24:21 | 1 - 4 классы

Пожалуйста напишите о Илье Муромце дам 10 баллов?

Пожалуйста напишите о Илье Муромце дам 10 баллов.

Vitekvolf1818 19 апр. 2022 г., 16:34:23 | 5 - 9 классы

Помогите пожалуйста дам баллы?

Помогите пожалуйста дам баллы.

Elenvanilin 13 мая 2022 г., 17:23:01 | 1 - 4 классы

Напишите пожалуйста краткое сочинение - рассуждение на тему Кто может совершить поступок ?

Напишите пожалуйста краткое сочинение - рассуждение на тему Кто может совершить поступок .

Peho 31 мая 2022 г., 00:17:58 | 1 - 4 классы

Помогитееее?

Помогитееее!

Напишите на казахском пожалуйста мини рассказ на тему как меня называет моя семья, ДАМ 20 БАЛЛОВ.

Вы зашли на страницу вопроса Сочинение на тему , , Менің атым Қожа "Напишите пожалуйстаДам 50 баллов?, который относится к категории Другие предметы. По уровню сложности вопрос соответствует учебной программе для учащихся 1 - 4 классов. В этой же категории вы найдете ответ и на другие, похожие вопросы по теме, найти который можно с помощью автоматической системы «умный поиск». Интересную информацию можно найти в комментариях-ответах пользователей, с которыми есть обратная связь для обсуждения темы. Если предложенные варианты ответов не удовлетворяют, создайте свой вариант запроса в верхней строке.