Жеңіс күні туралы шығарма?

Другие предметы | 1 - 4 классы

Жеңіс күні туралы шығарма.

Ответить на вопрос
Ответы (1)
Aika220889 16 нояб. 2021 г., 01:19:13

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті.

Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн.

Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.

Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні - түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды.

Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды.

Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды.

Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туысқандарына, жақын - жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.

Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды.

Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.

Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды.

Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты.

Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды.

Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті.

Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті.

Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде - бір үлкен шайқас болмады.

Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған.

Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған.

Тіпті арыға бармай - ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді.

Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған жүз қазақтың (ең соңғысын арада 50 жыл өткен соң Бауыржан Момышұлы алды) Кеңестер Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді.

Бұны сол кездегі 2, 5 - 3 млн.

Қазаққа шаққанда басқа халықтардың алдына шығып кетеді екен.

Ердің ері шыдайтын жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында олардың нәзік жүректері тасқа айналып, гүл ғұмырлары ажалдың қанды тырнағына ілікті.

Nastya1013 28 мар. 2021 г., 22:14:31 | 1 - 4 классы

Конак куту туралы ангиме?

Конак куту туралы ангиме.

Kristinka9898 2 мар. 2021 г., 14:44:59 | 1 - 4 классы

Такпак аяз ата туралы?

Такпак аяз ата туралы.

Maranapyhalska1 16 февр. 2021 г., 23:07:25 | 5 - 9 классы

Срочно?

Срочно!

Шығарма қазақтың ұлы ақыны абай срочноооооо.

Шахбан132 11 апр. 2021 г., 23:18:56 | 1 - 4 классы

Пишақ туралы мақал - мәтелдер?

Пишақ туралы мақал - мәтелдер.

Vlader05 9 авг. 2021 г., 02:39:06 | 1 - 4 классы

Тұңғыш президент туралы шығарма?

Тұңғыш президент туралы шығарма.

Danon19 3 февр. 2021 г., 22:54:54 | 1 - 4 классы

Көгершін туралы факттар?

Көгершін туралы факттар.

Николя228Лвапси 2 авг. 2021 г., 19:12:58 | 1 - 4 классы

Шығарма көңілді көктем?

Шығарма көңілді көктем.

AniskaVolf 6 июн. 2021 г., 08:33:02 | 1 - 4 классы

Құмырсқа сипаты туралы?

Құмырсқа сипаты туралы.

Sss7772 26 мая 2021 г., 05:35:59 | 1 - 4 классы

Менің сыныбым туралы шығарма?

Менің сыныбым туралы шығарма.

Помогите!

Krasavecz2001 27 дек. 2021 г., 16:07:57 | 1 - 4 классы

Шығарма "кім болам?

Шығарма "кім болам?

"программист.

На этой странице вы найдете ответ на вопрос Жеңіс күні туралы шығарма?. Вопрос соответствует категории Другие предметы и уровню подготовки учащихся 1 - 4 классов классов. Если ответ полностью не удовлетворяет критериям поиска, ниже можно ознакомиться с вариантами ответов других посетителей страницы или обсудить с ними интересующую тему. Здесь также можно воспользоваться «умным поиском», который покажет аналогичные вопросы в этой категории. Если ни один из предложенных ответов не подходит, попробуйте самостоятельно сформулировать вопрос иначе, нажав кнопку вверху страницы.